3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін: Мұхамеджан Тазабек не дейді?

Қоғам белсендісі, ақын Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде жас жігіттің сұрағына жауап берді.
Оған «Аға, әйелім бар, ұлым бар. 3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін. Әрі қарай не істеймін?» деп сұрақ қойған. Аталған сұраққа Тазабек былай деп жауап берді:
Жесір әйелге барған — сауап деген өтірік сөз ел арасында тарап кеткен. Соған сүйенген қаншама адамның жолы жабылып, өмірі талқан болды. Шамаң жетсе, сүйген екі жүректің емі — ақ неке. Басқа жол жоқ! Ал, зина — өзіңе де, отбасыңа да жамандық әкеледі. Тезірек тәубеге асығу керек, — деді.