45 жасқа толған Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты

0
1898

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 45 жасқа толды. Өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жариялап, ел назарын өзіне аударды.

Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында ерекше фотосессия жариялап, әсерлі жазба қалдырды. “Осы ғой, бағым бес елі, самғатқан шаттық шырайын. Дəл осы ұлы бақытты әркімге берсін құдайым! Қош келдің, жаңа жасым”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары 45 жасқа толған эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, ақ тілегін жаудырды. “Арғымақ пен фигурасы аттай Мадина”, “45 жас құтты болсын”, “45-ке толды деп кім айтады”, “Әлі қыздай ғой. Мадина еш қартаймайды”, “Бақытты болыңыз, ұлдың артынан қыз ерсін”, “Қандай сұлусың. Жаңа жасың құтты болсын”, “Мінсіз мүсінді ару, өте тартымды әрі көрікті”, – деп жазуда көпшілік.


ПІКІР ЖАЗУ