“9-сынып оқушысы едім”: Мақпал Жүнісова өткен күнін еске алды

0
384

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезінен сыр шертіп, әнші болуға қадам басқан кезін есіне алды.

Өнер иесі мектеп кезіндегі естелікті жеке парақшасындағы оқырмандарына айтып берді.

9-сыныпта радиоға жазылған Дүнгенбай Ботбаевтың әні “Ана” әнін радиодан тыңдаған “Гүлдер” ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев марқұм, менің қайда оқитынымды радиодан сұрап, 10-сыныпта “Гүлдер” ансамбіліне алдыртты. 10 шақты ән айтқызып, мектеп бітіргесін “Гүлдер” ансамбліне қабылдаймын деп еді. Ақыры 1981-жылы жұмысқа алды, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің оқушы кезін қызу талқылап жатыр.

“Не деген тап-таза дауыс?!”,  “Сізді 1982 жылы алғаш рет көргенмін, жіп-жіңішке арық едіңіз”, – деп жазды оқырмандар.

Кілтсөздер:Мақпал Жүнісова


ПІКІР ЖАЗУ