“Менің тыныштығым”: Айгүл Иманбаева жолдасын көрсетті

0
1075

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнады.

Өнер иесі отағасы екеуінің фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда жолдасының актрисаны сүйіп тұрғанын байқауға болады.

“Мына шулы өмірде сен менің тыныштығымсың”, – деген жазба қалдырды Иманбаева суреттің астында.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

“Бақытты болыңдаршы. Көз тимесін”, “Таптым-ау сені деген осы ғой”, “Жүректі жылытатын сурет. Құшақтадым”, “Махаббаттарың баянды болсын”, “Өте жарасымды, көрікті жұпсыздар”, “Әр қазақ қызы бақытты болуға лайықты”, “Қандай керемет жұрп”, – деп жазуда көпшілік.


ПІКІР ЖАЗУ