Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды

Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды, — делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік мәліметінше, қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқарады.