Енді балаларды ұруға тыйым салынады

Angry kid girl showing hand signaling to stop useful to campaign against violence and pain on dark background. Closeup portrait
Қырғызстан және тағы сегіз ел (Уганда, Бурунди, Шри-Ланка, Панама, Чехия және т.б) 18 жасқа толмаған балаларды ұруға тыйым салатын болды.
Оған дене жазасына ауырсыну немесе ыңғайсыздық тудыру үшін қолданылатын физикалық күш (тіпті ең жеңіл дәрежеде), сондай-ақ қатыгез және ар-намысты қорлайтын жазаның физикалық емес түрлері де жатады.
Бұл дене жазасына толық тыйым салу. Осылайша, Гамбия мен Нигерияда мұндай жаза түрі мектептерде де жойлады. Бұл міндеттемелер Колумбияда өткен БҰҰ-ның бірінші дүниежүзілік тақырыптық конференциясына талқыланды, – деп жазады The Guardian басылымы.
ДДҰ өкілі Бесс Герберттің айтуынша, аталған елдерде барлығы 150 миллионға жуық бала тұрады.