Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

0
94

Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды.

Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.

«Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз», — делінген хабарламада.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) — қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.

Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.

Фото: Видео кадры / Q•REC YouTube-каналы


ПІКІР ЖАЗУ