Алматыдан Өзбекстанға жаңа бағытта әуе рейсі қатынайды

1 маусымнан бастап “Uzbekistan Airways” әуе компаниясы Алматы-Нүкіс бағыты бойынша тұрақты рейс орындайды. Жолаушылар аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық “Эйрбас-А320” ұшағымен қатынай алады.
Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.




