Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары 8 жыл 5 айға сотталды

0
100

Мақсұт Исахов өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей құқығынан да айырылды. Пара деп бермек болған 200 мың АҚШ доллары мемлекетке қайтарылады.

Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде ҰҚК басшы орынбасарына 200 мың доллор пара бермек болды деген айыппен ұсталған еді. Содан бері тергеу абақтысында жатқан бұрынғы шенеунік сот барысында өзіне жала жабылғанын мәлімдеген болатын. Сөзінше, керісінше ҰҚК-ның Шымкент бойынша департамент басшысының орынбасары Исаховтан ақша бопсалаған.

 


ПІКІР ЖАЗУ