Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы байланысы туралы мәлімдеме жасады

0
489

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды politico.kz.

“Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз!” – деп жазды Әйгерім Қалаубаева.

“Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты! О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!” – дейді танымал әнші.


ПІКІР ЖАЗУ