“Ұлымның аяғы ақсақ”. Күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш халықтан көмек сұрады

Күйеуінен азап көрген Карина Мамаш Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашпен ресми түрде ажырасқанын айтты.
Келіншек жаңалығын Instagram желісіндегі оқырмандарына айтты. Осыдан кейін ол ұлының еміне 30 миллион еуро керек екенін мәлімдеді.
“Ұлымның тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар. Аяғы ақсап, бүгіп жүреді. Үш жерге ота жасау керек”, – деді Карина Мамаш.




