Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болатын қай елдер?

Қазір 9 мемлекет мүше. Олар:
— Үндістан;
— Иран;
— Қазақстан;
— Қытай;
— Қырғыз елі;
— Пәкістан;
— Ресей;
— Тәжікстан;
— Өзбекстан.
3 ел бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие. Олар:
— Ауғанстан;
— Беларусь;
— Моңғолия.
4 шілде Астанадағы саммитте Беларусь мемлекеті Шанхай ынтымақтастық ұйымның толыққанды мүшесі болады деп күтіліп отыр.
Ұйым 1996 жылы құрылды. Басты мақсаты — әскери салада және келісімді нығайтып, шекара аумағында қарулы күштерді азайту.
Ұйымға әуелі 5 мемлекет мүше болды. Олар: Қазақстан, Қытай, Қырғыз елі, Ресей және Тәжікстан. Сол тұста ұйым «Шанхай бестігі» деп айтылып жүрді.
Айта кетейік, ұйымның ресми тілі – орыс және қытай тілі, деп бекітілген.