Бостандыққа шыққан Әбдіжаппар Әлқожа теміржолда өрт қойды

1
4683

Тәртіп бұзып 10 тәулікке қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жаңа видео жариялады. Жүктелген видеодан өнер иесі киімін өртеп жатқанын байқауға болады, деп жазады politico.kz.

Әбдіжаппар Әлқожа қызу талқыланған видеосын Instagram-дағы парақшасына салған. Онда темір жол бойында отырған әншінің киімін өртеп жатқанын көруге болады.

«Күйін кештім мен бүгін!

Көкбөрілердің жаралы.

Адым сайын аңдыған

Қақпаннан сирақ қанады.

Арландарым атылып

Бөртелер кезді даланы,

Айналамның барлығы

Шибөрі болып барады.

Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың», — деген жазба қалдырды өнер иесі.

Айта кетерлігі, видеода әншінің өртеп жатқан киімі оның ұсталған сәтіндегі киіміне ұқсайды.


1 пікір

  1. Бейтаныс жан 19 июля, 2024 at 06:59 Ответить

    Елді елге айдап салып осы сендер оңбай сындар. Өтірікті шыңдай шыңды құдай ұрғандай жазып. Аллаға тапсырдық сендерді журналист сымақтар. Әр алауыздықтарың үшін жауап бересіңдер осы өсектерің үшін

Leave a reply