“Дауысым бар демеймін”. Айдай Исаева әншілікке бет бұрды

Тележүргізуші, модель Айдай Исаева қыз ұзатуға арналған ән жазғызды.
ннің аты – “Ашылсын сенің бағың”. Оның сөзінше, желідегі парақшасына “Мені ұзатып беріңізші” деп өтініш жасайтын қыз көбейген.
Мен бұрыннан ән айтамын. Бірақ керемет дауысым бар демеймін. Бұл туралы мені бұрыннан танитындар біледі, – деді Исаева NTK телеарнасына берген сұхбатта.
Айдай Исаева 17 жыл бимен айналысқан. Өзінің айтуынша, 15 жасынан музыкалық топтарда ән шырқаған. Алайда өнер жолында жүруіне әкесі қарсы болғанын айтты.




