Димаш Құдайберген сүйінші сұрады

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген DIAFA марапатын иеленді. Марапатты табыстау салтанаты Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.
Бұл қуанышты жаңалығын Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жария етті. Қазақстаның Халық әртісі өнерге қосқан үлесі үшін Дубайда ерекше марапатқа ие болған.
“Құрметті DIAFA өнерге қосқан үлесім үшін берілген марапатқа алғыс айтамын. Рақмет, Дубай”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
“Халықаралық араб фестивалінің беделді премиясы (DIAFA)” — бұл Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай қаласында жыл сайын өтетін марапаттау салтанаты. Оның барысында әлеуметтік жағдайды жақсарту мен қоғамның дамуына үлес қосқан халықаралық және араб қайраткерлері марапатталады. DIAFA-ның алғашқы марапаттау салтанаты 2017 жылы өткен.




