Елордада жеке тұрғын үй өртеніп, 4 бала мерт болды

0
126

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты, — делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде, — дейді төтенше жағдайлар департаментінен.


ПІКІР ЖАЗУ