“Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн”. Аша Матай Баян Алагөзованың үйін көрсетті

0
283

Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай продюсер Баян Алагөзованың үйін көрсетті,-деп хабарлайды politico.kz

Аша Матай әпкесінің үйіне Құрбан айт кезінде қыдырып барған. Ол оқырмандарына продюсердің үйін көрсетіп шықты.

“Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн, екі ас, алты жуынатын бөлме, 10-ға жуық бөлме, үлкен гардероб, қымбат жөндеу, дизайнерлік жиhаз, лакшери өмір”, – деп жазды Аша Матай Instagram-дағы сторисінде.

Сонымен бірге бұл үйде кітапхана мен жеке кабинет те бар. Аша Матай бұл “Тұрсын ағанікі (Алагөзов – ред.) болар” деп топшылады.


Бұған қоса, қонақтарға арналған мен кір жууға арналған бөлмені де көрсетті.

 


ПІКІР ЖАЗУ