Грекиядағы өртке қазақстандықтардың қатысы жоқ – СІМ

“Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты
Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған”, – делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, қазақстандықтардың Грекияның Гидра аралында отшашу ұйымдастырып, салдарынан орманды өртегені туралы ақпарат тараған болатын.




