“Кешір, Кенжик, менің кінәм жоқ”. Сәкен Майғазиев Кенжебектен неге кешірім сұрады

0
399

“МузАрт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев топтағы әріптесі Кенжебек Жанәбіловтен кешірім сұрады.

Сәкен Майғазиевтің кешірім сұрауына себеп болған нәрсе – Кенжебектің жартылай кесіліп қалған суреті.

“Кешір, Кенжик, менің дым кінәм жоқ. Шарапат осылай түсірген”, – деп жазды Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде әріптесінің жартылай сыймай қалған суретін жариялап.

Фотосуретте Сәкен Майғазиив пен Мейрамбек Беспаевтің бейнесі толық кадрге сыйғанымен, Кенжебектің тек жарты бетін көруге болады.


ПІКІР ЖАЗУ