Мәдениет министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция жайында мәлімдеме жасады

0
111

Хабарлама министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды. Онда “E-Petition.kz” ресми порталында “Біз Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз” петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинағаны айтылған.

“ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды”, – делінген хабарламада.

Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардан, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырмақ. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 


ПІКІР ЖАЗУ