МКК Ресеймен шекарада жеңіл көліктер жиналып қалғаны туралы айтты

Ресейден Қазақстанға өткізетін пункттерде автокөліктер кезегі байқалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына өтетін жеңіл автокөліктер саны 20 пайызға өсті. Осыған байланысты Қазақстанға кіреберістегі Ресеймен шекараның кейбір учаскелерінде көліктердің жиналуы байқалады”, – деді ведомство өкілдері.
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көліктер кезегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.




