«Ойымда дым жоқ». Бала күнгі видеосын жариялаған Дариға Бадықова елді таңғалдырды

Отандық актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бала күнінен видео жариялап, қызу талқыға түсті.
Ол бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.
Ақ сәулем” әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. “Таптым-ау сені” фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау, – деп жазды өнер иесі.
«Дауысыңызда қоңыр үн бар екен”, “Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой”, “Шашымыз бірдей болыпты. Қазір 8 жасар қыздарда мұндай шаш жоқ”, “Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады”, “Дауысыңыз керемет”, “Кішкентайынан әнші екен ғой Дариға ханым”, – деп жазды оқырман қауым.




