Талибан Астанада өтетін халықаралық форумға шақырылды

“Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан “Талибан” сауда министрлігінің басшысының міндетін атқарушы Нұреддин Азизиге шақыруды тапсырды”, – деп растады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форум төрт негізгі бағытқа бағытталған: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы.




